Актриса Айгүл Иманбаева екінші күйеуінен бөлек кеткенін айтты
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі оқырмандарының бірі қойған отбасылық өмірге қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Желі қолданушысы өнер иесінен жұбайымен екі бөлек елде тұрудың ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына әсер етпей ме деп сұраған.
Айгүл Иманбаеваның айтуынша, арақашықтық шынайы сезімге тосқауыл бола алмайды. Ол қазіргі жағдайдың уақытша екенін айтып, «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританияда білім алып жүргенін еске салды.
Өнер иесі кейде адамдар бір шаңырақтың астында тұрса да бір-бірінен алыстап кететінін, ал бірін-бірі шын түсінетін жандардың араларын мыңдаған шақырым бөлсе де рухани жақын болатынын жеткізді.
«Қашықтық бізді алыстатпайды. Өйткені бұл – бір-бірін шын түсінетін әрі шынайы қалайтын екі жүректің байланысы», – деді актриса.
Сондай-ақ Айгүл Иманбаева қазіргі уақытта шетелде оқуын жалғастырып жатқанын және алған білімін ел игілігіне жұмсауды мақсат етіп жүргенін айтты.