Шоу-Бизнес

«Нұрлан мен Мұрат» дуэті әншісінің жағдайы көпшілікті алаңдатты

«Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі Нұрлан Әміровтің денсаулығына қатысты тараған бейнежазба көпшіліктің алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды buginmedia.kz

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода өнер иесінің арнайы медициналық аппаратпен жүретіні байқалады. Әншінің айтуынша, құрылғыны үнемі өзімен бірге алып жүруге мәжбүр және оны өшіруге болмайды. Сондай-ақ ол жуырда ота жасатқанын да айтты.

Бейнежазбадан Нұрлан Әміровтің жанында жұбайы болып, оған күтім жасап жүргенін көруге болады.

Желі қолданушылары әншіге ақ тілектерін жаудырып, тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Алла шипасын берсін!», «Ең бастысы – денсаулық», «Жұбайына ризамыз, амандық тілейміз», «Жақында толық сауығып кетсін» деп жазды желі қолданушылары.