Саясат

Атырау облысында әкім орынбасарлары ұсталған соң Серік Шәпкенов қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Серік Шәпкенов Атырау облысын шамамен төрт жыл басқарды. Оның қызметтен босатылуы өңірдегі резонанс тудырған сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеулер аясында болды. Соңғы екі айдың өзінде Атырау қаласы әкімінің екі орынбасары – Тілек Махуов пен Мейіржан Мұқасовқа қатысты қылмыстық істер қозғалды.

Серік Шәпкенов Атырау облысын 2022 жылдың 7 сәуірінен бері басқарған еді.