Мәзір
Бүгін, 15:55 / BuginMedia / Денсаулық

Алматыда босануға келген әйелдің ішінен бес келі ісік шықты

Алматыда дәрігерлер алып миомасы бар жүкті әйел мен сәбиінің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматыда босануға келген әйелдің ішінен бес келі ісік шықты Алматыда босануға келген әйелдің ішінен бес келі ісік шықты
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Алматы қаласындағы №2 қалалық перинаталдық орталыққа жүктіліктің 35-аптасында қағанақ суы мерзімінен бұрын кеткен 40 жастағы жүкті әйел шұғыл жеткізілді.

Тексеру барысында дәрігерлер ұрықтың өміріне қауіп төндіретін қан айналымының бұзылуын анықтап, шұғыл кесарь тілігін жасауға шешім қабылдады.

Операция кезінде мамандар көлемі 20×25 сантиметр болатын алып миоманы анықтады. Жағдайдың күрделілігіне ішектің жатырға тығыз жабысып қалуы да себеп болған.

Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде нәресте аман-есен дүниеге келді. Сонымен қатар мамандар салмағы 5,1 келі болатын алып ісікті алып тастап, әйелдің жатырын және репродуктивтік функциясын сақтап қалды. Бұл оған болашақта тағы да ана атануға мүмкіндік береді.

"Операция нәтижесінде салмағы 2,2 келі болатын шала туған ұл бала дүниеге келді. Туғаннан кейін сәби біраз уақыт жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімшесі мамандарының бақылауында болып, дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жағдайы тұрақтанды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ана мен баланың жағдайы жақсы. Дәрігерлер олардың денсаулығына қауіп жоқ екенін айтып, екеуін де үйлеріне шығарды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2