Жаңалықтар

«Мөлдір» ЖК үгіт материалдарын орналастыру үшін ақпараттық хабарлама жариялады

«Мөлдір» ЖК-не тиесілі https://buginmedia.kz интернет-басылымы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаң ұсынудың шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы хабарлайды.

Сайлауалды үгіт жұмыстары 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-де басталып, 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады. Осыған байланысты үгіт материалдары заңнамада белгіленген мерзімде ғана жарияланады.

Интернет-алаң саяси партияның жазбаша өтініші және Сайт иесі мен партияның уәкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде ұсынылады. Үгіт материалдарының көлемі, саны, жариялау мерзімі және өзге де талаптар өтініште көрсетіліп, шартта бекітіледі.

Өтініштер келіп түсу ретімен тіркеледі. Әрбір өтінішке тіркеу нөмірі беріліп, тіркелген күні арнайы журналға енгізіледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

· саяси партияның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

· партия атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;

· өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

· шарт жасасуға қажетті өзге де құжаттар.

Үгіт материалдарын жариялау кезектілігі өтініштердің тіркелу ретімен анықталады. Егер бірнеше өтініш бір уақытта түссе, кезектілік жеребе арқылы белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібін Сайт айқындайды.

Үгіт материалдары жарияланатын күнге дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын ұсынылуы тиіс.

Материалдарда Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген міндетті мәліметтер, оның ішінде материалды ұсынушы және қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі қажет.

Саяси партиялар ұсынылған материалдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы хабарламада көрсетілген талаптар немесе жасалған шарттың талаптары сақталмаған жағдайда, Сайт үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға немесе анықталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін олардың жариялануын тоқтатуға құқылы.

Егер материалдарда Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыруға бағытталған үндеулер, зорлық-зомбылықты насихаттайтын мәліметтер немесе қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін өзге де ақпарат, сондай-ақ азаматтардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер болса, Сайт оларды жариялаудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаң ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Үгіт материалдарын орналастыру құны

Орналастыру мерзімі: 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ден 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін

Баннер

Басты беттегі баннер (1 апта) - 150 мың теңге

Басты беттегі баннер  (1 ай) - 500 000 теңге

Мақала ішіндегі баннер  (1 ай) - 200 мың теңге

Мақала

Басты бетке дайын материал жариялау  (8 000 таңба мен 5 фотосуретке дейін)  - 250 мың теңге

Басты бетке редакциялық журналист дайындаған материалды жариялау  (8 000 таңба мен 5 фотосуретке дейін)  - 300 мың теңге

Жаңалықтар лентасына редакциялық журналист дайындаған материалды жариялау (5 000 таңба мен 3 фотосуретке дейін) - 200 мың теңге

Жаңалықтар лентасына дайын материал жариялау (5 000 таңба мен 3 фотосуретке дейін) - 150 мың теңге 

Материалдар ішінде 1 бейнематериал жариялауға рұқсат етіледі.

Мериалды орыс тілінен қазақ тіліне аудару 50 мың теңге.

Бес материалдан бастап 10% жеңілдік беріледі. Қосымша сайттағы материалдарды Facebook әлеуметтік желісіндегі жазылушылары көп топтарға тегін жариялаймыз. 

Белгіленген көлемнен асқан әр таңба үшін – 100 теңге.

Әлеуметтік желілер Instagram, TikTok-қа пост, карусель жариялау - 100-150 мың, 1-3 минуттық бейнеролик жариялау 200 мың теңге.

Барлық жарияланымдарда «Материал ақылы негізде жарияланды» деген белгі қойылады.

Үгіт материалдарын орналастыру ақысы Сайт ұсынған шот негізінде шот берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде төленеді.

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыруға қатысты жазбаша өтініштер жұмыс күндері 09:00-18:00 аралығында мына мекенжай бойынша қабылданады:

Астана қаласы, Сығанақ көшесі

                                                                                                                                                                  «Мөлдір» ЖК директоры 

                                                                                                                                                                    Р. Минап