Шоу-Бизнес

"Жүрегім тарсылдап тұр": Айгүл Иманбаева ота алдындағы жағдайын айтты

Қазақстандық әнші Айгүл Иманбаева денсаулығына қатысты соңғы жаңалығын бөлісіп, жоспарланған операцияның өтпей қалғанын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Өнер иесінің айтуынша, дәрігерлер кейбір талдау нәтижелерінің талапқа сай болмауына байланысты ота жасауды уақытша кейінге қалдырған.

«Мен бүгін операцияға жатуым керек еді. Жата алмай қалдым. Себебі кейбір анализдерім дұрыс болмай қалды. Маған дәрігерлердің жауапкершілікпен қарағаны ұнады. Өзім де, олар да сенімді болуы үшін бүгін қайта тапсырдым. Жүрегім тарсылдап тұр. Бәрі жақсы болса, ота жасайды», – деді әнші.

Айгүл Иманбаеваның сөзінше, қажетті тексерулердің қорытындысы қалыпты шыққан жағдайда ғана операция жасалады. Сондықтан дәрігерлер әзірге ота күнін кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған.

Әнші алдағы күндері талдау нәтижелері белгілі болғаннан кейін жоспарланған ем-шарадан өтетінін жеткізді.