15 шілдеден бастап Қазақстаннан Дубайға рейстер қайта жанданады
Air Astana әуе компаниясы Дубайға әуе қатынасын қайта қалпына келтіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Толығырақ
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 шілдеден бастап Астана мен Алматыдан Дубайға тұрақты рейстерді қайта орындау жоспарланып отыр.
«Әуе компаниясы аймақтағы жағдайдың дамуын жіті бақылап отыр және Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты ұшу кестесіне өзгерістер енгізуі мүмкін. Қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларға алдын ала хабарланады», – делінген хабарламада.
Еске салайық, 12 шілдеде Air Astana Біріккен Араб Әмірліктеріне рейстерді уақытша тоқтататынын хабарлаған болатын.
Биыл ақпан айынан бері АҚШ, Израиль және Иран арасындағы әскери қақтығыстарға байланысты Дубай бағыты бойынша рейстер бірнеше рет кейінге шегеріліп, кей жағдайда мүлде тоқтатылды. Кейін Air Astana 20 маусымнан бастап Алматыдан, ал 10 шілдеден бастап Астанадан тұрақты рейстерді қайта іске қосты.
Қазіргі уақытта Иранның әуе кеңістігі жабық болғандықтан, Дубайға ұшатын ұшақтар Пәкістан аумағы арқылы бағыт алады.