Мәзір
Бүгін, 10:46 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматыдан Гонконгке тікелей әуе рейстері іске қосылады

Гонконгтың «Cathay» әуе компаниясы Қазақстанға жаңа жүк және жолаушылар рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды buginmedia.kz

Алматыдан Гонконгке тікелей әуе рейстері іске қосылады Алматыдан Гонконгке тікелей әуе рейстері іске қосылады
Фото: Shutterstock

Толығырақ

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева компанияның Таяу Шығыс өңірі бойынша аймақтық менеджері Оливер Коэльомен кездесу өткізді. Кездесу барысында әуе тасымалдаушысының Қазақстан бағытындағы жоспарлары талқыланды.

Компания өкілінің айтуынша, 2026 жылдың 1 тамызынан бастап Астанаға тұрақты жүк рейстерін ашу көзделіп отыр. Ұшулар «Боинг-747» ұшақтарымен аптасына бес ретке дейін орындалуы мүмкін.

Сондай-ақ «Cathay» 2027 жылдың қаңтар айынан бастап Гонконг – Алматы бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер «Эйрбас-330» әуе кемелерімен аптасына үш рет орындалады.

Қазақстан тарапы жаңа бағыттарды ашуға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Тараптар жүк және жолаушылар тасымалын іске қосу үшін қажетті рәсімдерді бірлесіп жалғастыруға келісті.

Жаңа рейстердің ашылуы Қазақстан мен Гонконг арасындағы сауда, туризм және логистика салаларындағы байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2