Қазақстанның бүкіл 17 өңірінде ескерту жарияланды
«Қазгидромет» 13 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Қазгидромет» 13 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады
Астанада күндіз қатты ыстық күтіледі: +35...+39°C. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр және найзағай күтіледі. Іле Алатауы тауларында таңертең және күндіз де қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болады.
Шымкентте күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік-батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында – төтенше өрт қаупі.
Ақмола облысында күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда күндіз жаңбыр мен найзағай болады.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтөбеде күндіз жел 15 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысында таңертең және күндіз тау бөктері мен таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстігінде төтенше өрт қаупі, батысы, шығысы және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысында күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман болуы мүмкін. Күндіз жел 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, батысы мен солтүстігінде – төтенше өрт қаупі. Таразда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Шығысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз қатты ыстық +35...+38°C болады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысында оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, шығысында сақталады, солтүстігі мен батысында – төтенше өрт қаупі.
Қостанай облысында батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ және дауыл күтіледі. Жел күндіз 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысында күндіз солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, орталығы, оңтүстігі және шығысында – төтенше өрт қаупі. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында түнде солтүстік-батысында аздаған жаңбыр мен найзағай, күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел күндіз 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстігі, шығысы және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында күндіз солтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болуы мүмкін. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз қатты ыстық +35...+36°C күтіледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болады.
Петропавлда түнде аздаған жаңбыр мен найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысында батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, батысы, солтүстігі, оңтүстігі және орталығында – төтенше өрт қаупі. Түркістан қаласында күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.