Жаңалықтар

Ақмола облысында көлік суға батып, апалы-сіңлілі екі қыз көз жұмды

Ақмола облысының Целиноград ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан екі қыз қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 11 шілдеде суға толған карьерлердің бірінде тіркелген. Алдын ала дерекке сәйкес, жағалауда тұрған жеңіл автокөлік белгісіз себеппен суға түсіп кеткен.

— Бұл жәт жөнінде хабар түскеннен кейін оқиға орнына Ақмола облысы мен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Құтқарушылар жеткен кезде оқиға орнында полиция қызметкерлері болған, — деді Ақмола облыстық ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Апаттық-құтқару жұмыстары барысында мамандар су түбінен жеңіл автокөлікті шығарып, оның ішінен 8 және 12 жастағы екі қыздың мәйітін тапты.

Ведомствоның мәліметінше, отбасы бұл жерге демалуға келген. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.