Саясат

Бишімбаев ісі арқылы танылған прокурор Құрылтай депутаттығына ұсынылды

10 шілдеде «Әділет» партиясының кезекті III съезі өтті. Жиын барысында партия атынан Құрылтай депутаттығына ұсынылатын кандидаттардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Толығырақ

Партия ұсынған жалпы тізімге 186 кандидат енді. Олардың қатарында белгілі мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар бар. Атап айтқанда, тізімнен Ерлан Қарин, Жұлдыз Сүлейменова, Әділ Балтабаев, Марат Қожаев, Айдос Сарым, Жанарбек Әшімжан, Ерлан Саиров, Асхат Аймағамбетов сынды тұлғаларды көруге болады.

Сондай-ақ партия атынан Құрылтай депутаттығына прокурор Айжан Аймағанова да ұсынылды. Ол қоғам назарына бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты резонансты сот ісі кезінде түскен болатын.

Аймағанова аталған сот процесінде мемлекеттік айыптаушы ретінде жұмыс істеп, соттағы ұстанымы, кәсіби дайындығы және принципшілдігі арқылы көпшіліктің оң бағасына ие болды.

Енді ол «Әділет» партиясы ұсынған кандидаттар қатарында елдің заң шығару органына өкіл болуға үміткерлердің бірі атанды.