Денсаулық

Қазақстанда жыл сайын онкологиядан 300 науқасты емдейтін орталық ашылады – Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Ұлттық онкология орталығындағы протондық терапия орталығының құрылысын аяқтауға 4,2 миллиард теңге бөлу туралы ұсыныс қабылданғанын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

 Халық қалаулысының айтуынша, бюджет жобасында онкологияны емдеуге бөлінетін қаржыны 20 миллиард теңгеге, ал онкогематологияға 5 миллиард теңгеге қысқарту туралы ұсыныс болған.

"Алайда, біз бұл қысқартуға қатаң түрде қарсылық білдіріп, қосымша қаражат бөлу туралы түзету енгіздік. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жемісті жұмысымыздың арқасында онкологиялық науқастарды емдеуді қаржыландыру үшін қосымша 25 миллиард теңге бөлу туралы түзетуіміз қолдау тапты. Бұл – өте қуанышты және маңызды жаңалық.  Айта кету керек, соңғы жылдары онкологияға қарсы күресте Президенттің қолдауының арқасында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Кешенді жоспар бекітілді және мамандандырылған орталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, Ұлттық онкология орталығындағы протондық терапия орталығының құрылысын аяқтауға 4,2 миллиард теңге бөлу туралы ұсынысымыз да қабылданды. Қазіргі уақытта Орталық Азияда протондық терапия орталығы жоқ, сондықтан біздің пациенттер қымбат ем алу үшін шетелге баруға мәжбүр. Қазақстанда бұл орталық жыл сайын 300-ден астам науқасқа өмір сүруге мүмкіндік беріп, шетелде емделуге қажетті үлкен шығындардан босатады", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Askhat Aimagambetov (@aimagambetov)