Жаңалықтар

Полиция боксшы Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін көрсетті

Астана қаласының полиция департаменті жол апатынан кейін оқиға орнынан кетіп қалған Toyota Land Cruiser жүргізушісін ұстау операциясының видеосын жариялады. Кейін аталған көлікті 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов басқарғаны белгілі болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Толығырақ

Бейнежазбада полицейлердің көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстаған сәті көрсетілген. Сонымен қатар кадрларда апат салдарынан зақым келген көліктер, жүргізушіден жауап алу барысы және сот процесі де қамтылған. Видео Елеусіновтің тергеу изоляторына жеткізілген сәтімен аяқталады.

Полиция спортшыға қатысты мас күйінде көлік жүргізу, жол-көлік оқиғасы кезінде міндеттерін орындамау және көліктерге материалдық залал келтіру фактілері бойынша әкімшілік материалдар жиналғанын хабарлады.

"Әкімшілік істі қарау қорытындысы бойынша сот жүргізушіні кінәлі деп танып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", - делінген хабарламада.

Полиция көлік құралын масаң күйде басқару және жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу заңнаманы өрескел бұзу болып саналатынын және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретінін ескертеді.
 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)