"Ішімдегі нәрсені бөліспеске болмады": тұрмыстағы әйел күтпеген жайтқа тап болды
Заңгер Ләззат Рақышева өзіне келген кезекті хатты жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Автордың айтуынша, күйеуін абысынынан қызғанады.
"Мені жынды дейтін шығарсыздар, бірақ ішімдегі нәрсені бөліспеске болмады Күйеуімді абысынымнан қызғанамын
Ия солай болып қалды, қай уақытта басталғанын да білмеймін. Абысыным күйеуімнен кіші, аралары 3/4 жас. Енем де маған абысынымды көп мақтайды, алғаш келін болып түскен уақытым. Енем күйеуіммен абысынымды базар-ошарға ары-бері заттарға бірге жұмсай береді, мен үйде қалатынмын. Мен де барам десем, маған үйдің тірліктері дайын тұратын. Бастапқы уақытта сен жеңгең сияқты продукты таңдай алмайсың дей беретін. Күйеуім де, абысыным да бірге кілем жуып,су шашып күліп ойнайтын. Сол сондай тағы да сценалар миымда қалып кетті Бірақ абысыным жаман емес, өте жақсы, ақкөңіл, күйеуім де керемет адам. Бірақ екеуін бірге көрсем ашуым келеді. Күйеуіме айтсам, жеңге мен қайны бұрыннан сондай дейді.Бірақ мен де солай ойнасам, күйеуім ойнағысы келмей кетіп қалады. Қалай қабылдайын бұндай нәрселерді, жеңіл қабылдасам кейде тіпті бізді қыдыртпадыңыз деп шығады. Абысындарын қызғанатындар бар ма? Оқырмандар мына әйелге қандай кеңес берер едіңіздер?", - деп ақыл сұрады келіншек.