ҚТЖ-ға уақытша жаңа басшы тағайындалды
Бауыржан Орынбасаров ҚТЖ басшысы міндетін уақытша атқарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бауыржан Орынбасаров «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Бұл кадрлық шешім ұлттық компания басшылығындағы өзгерістер аясында қабылданды. Орынбасаров жаңа басқарма төрағасы тағайындалғанға дейін компанияға уақытша жетекшілік етеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын. Оны қызметінен босату туралы шешімді компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ қабылдаған.