Жаңалықтар

Қазақстанның қай өңірлерінде шілдеде құрғақшылық болады?

«Қазгидромет» мамандарының соңғы болжамына сәйкес, шілде айында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде орташа құрғақшылық күтіледі,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Орташа құрғақшылық болжанған аймақтар:

Абай облысы: Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы аудандары

Алматы облысы: Балқаш, Іле, Жамбыл аудандары

Жетісу облысы: Қаратал, Алакөл, Панфилов аудандары

Жамбыл облысы: Мойынқұм, Қордай, Рысқұлов, Сарысу, Талас аудандары

Түркістан облысы: Түркістан қаласы, Арыс, Қазығұрт, Ордабасы, Жетісай аудандары

Қызылорда облысы: Қызылорда қаласы, Қазалы, Қармақшы аудандары

Павлодар облысы: Ертіс, Успен, Шарбақты, Май, Баянауыл аудандары

Қарағанды облысы: Ақтоғай, Қарқаралы, Шет аудандары

Шығыс Қазақстан облысы: Шемонаиха, Күршім, Тарбағатай аудандары

Орташа ылғалды жағдай күтілетін өңірлер:

Солтүстік Қазақстан облысы: Жамбыл, Тимирязев аудандары

Қостанай облысы: Узункөл, Қарабалық, Майлин, Жітіқара, Қамысты аудандары

Ақтөбе облысы: Алға, Мәртөк, Қарғалы аудандары

Өте ылғалды болады деп болжанған аймақ:

Ақтөбе қаласы, сондай-ақ Уил және Хромтау аудандарының кейбір бөліктері

Қалыпты ылғалдылық күтілетін өңірлер:

Ақмола облысы

Батыс Қазақстан облысы

Атырау облысы

Маңғыстау облысы

Ұлытау облысы

Мамандардың айтуынша, шілде айындағы ылғалдану жағдайы ел аумағы бойынша әркелкі болады.