Жаңалықтар

Қазақстандықтар Астана күніне орай неше күн демалады

Алдағы дүйсенбі, 6 шілдеде Астана күні аталып өтеді. Мереке аптаның басына түсуіне байланысты ел тұрғындары үш күн қатарынан демалыс алады. Сол күні Халыққа қызмет көрсету орталықтары да уақытша жұмысын тоқтатады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НЕШЕ КҮН ДЕМАЛАДЫ?

Бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін азаматтар үшін 4, 5 және 6 шілде күндері — сенбі, жексенбі және дүйсенбі — қатарынан демалыс болып есептеледі. Жұмыс 7 шілде, сейсенбі күні қайта жалғасады.

Ал алты күндік жұмыс режимінде жұмыс істейтіндер үшін қосымша демалыс тек 6 шілде, дүйсенбіге тиесілі. Бұл жағдайда 4 шілде (сенбі) жұмыс күні болып қала береді, ал демалыс 5 және 6 шілдеге түседі.

ХҚКО-ЛАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, 6 шілде күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетпейді.

4 шілде, сенбі күні тек кезекші бөлімшелер ғана жұмыс істейді.

Кезекші ХҚКО-лар 09:00–13:00 аралығында қабылдау жүргізеді.
Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 12:00-ге дейін қабылданады, ал дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жалғасады.

7 шілдеден бастап барлық ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне оралады.