Астанадағы LRT-де өрт шықты
Tarlan Astana пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді. Жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Толығырақ
Бүгін сағат 13:28-де «Сығанақ» пен «Бәйтерек» стансаларының аралығында кабель жанды. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.
"Өрт жедел түрде сөндірілді. Инфрақұрылымның жай-күйі тексеріліп, қауіпсіздігі расталғаннан кейін пойыз қозғалысы толық көлемде қайта жанданды", - делінген City Transportation Systems хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі жеңіл рельсті көлік жүйесі Tarlan Astana желілерінде электр кабельдерінің жанғаны туралы хабарлаған.
Астанадағы LRT Tarlan Astana 16 мамырда ашылған болатын.