Енді колледж студенттері ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алады
Енді колледж студенттері ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Депутат колледж студенттеріне де ҰБТ тапсырмай грантқа түсуге мүмкіндік бар екенін айтты.
"Бірнеше жыл бұрын біз халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми конкурстардың жеңімпаздары үшін ҰБТ-сыз, конкурстан тыс, грантқа түсе алатын норма қабылдадық. Бұл - жақсы мотивация болды. Енді біз осы заңда, бұл мүмкіндікті колледж денгейіндегі, WorldSkills сияқты халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздарына да беруді ұсынамыз. Өз мамандығы бойынша әлемде үздік атанған колледж түлегі, пән олимпиадасының жеңімпазы сияқты құрметке лайықты. Сондықтан, колледждің дарынды түлектеріне де университеттерге грантқа ҰБТсыз түсуге құқық береміз", - деді Аймағамбетов педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасы таныстырылымында.
Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда бірауыздан мақұлдады.