Мамырда қазақстандықтар неше күн демалады?
Мамырда қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады.
Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
Мамыр айында төрт мерекеде демалыс беріледі.
1 мамыр (жұма) — Қазақстан халқының бірлігі күні;
7 мамыр (бейсенбі) — Отан Қорғаушы күні;
9 мамыр — Жеңіс күні (9 мамыр сенбіден 11 мамыр дүйсенбіге ауыстырылады);
27 мамыр (сәрсенбі) — Құрбан айттың бірінші күні.
Алты күндік жұмыс аптасы үшін:
1 мамыр (жұма) — демалыс, 2 мамыр (сенбі) — жұмыс, 3 мамыр (жексенбі) — демалыс;
7 мамыр (бейсенбі) — демалыс;
9 мамыр (сенбі) — демалыс, 10 мамыр (жексенбі) — демалыс, 11 мамыр (дүйсенбі) — демалыс;
27 мамыр (сәрсенбі) — Құрбан айттың бірінші күніне байланысты демалыс.
Сонда мамыр айында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 14 күн демалады. Ал 6 күндік кестемен еңбек ететіндерге 9 күн демалыс қарастырылған.