Қазақстанда шоттардағы тыйым алынады: өтінішті қалай беруге болады?
Әділет министрлігі Жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, 2026 жылдың 6–30 сәуір аралығында белгілі бір төлем түрлерін алуға арналған шоттардан тыйымдарды алып тастау жөніндегі науқанды іске қосты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Тыйымдар келесідей шоттардан алынып тасталады:
жалақылық;
алименттік;
зейнетақылық;
мемлекеттік жәрдемақыларға арналған шоттар.
Бұл үшін, азаматтар Adilet.gov мобильдік қосымшасында тіркеліп, жеке сот орындаушысына шоттардан тыйымды алып тастау туралы өтініш беруі керек.
Тыйымдар тек растау құжаттары ұсынылған жағдайда ғана алынып тасталады (жалақы түсетін шоты көрсетілген жұмыс орнынан анықтама, шоттың зейнетақылық екенін растайтын анықтама және т.б.).
Сонымен қатар, Әділет министрлігі шоттардан тыйымдарды алып тастау - азаматтарды атқарушылық құжаттар бойынша талаптарды орындаудан (сомаларды өндіріп алу, айыппұлдар және т.б.) босатпайтынын хабарлайды.