Жаңалықтар

OrdaMed компаниясының басшысына іздеу жарияланды

ҚР ҰҚК «Ordamed» АҚ басқарма төрағасы Еркін Длімбетовке іздеу жариялады. Бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Портал мәліметінше, Еркін Длімбетов 2026 жылғы 28 қаңтардан бастап ресми түрде іздеуде. Іздестіру ісі Астана қаласында тіркелген.

Іздестіру жұмыстарын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр.

Бұған дейін ҰҚК «Ordamed» компаниясының бірқатар басшы қызметкерлерін, атап айтқанда техникалық директорын, бұрынғы басқарма төрағасын және өндірістік басқарма басшысын қамауға алған болатын.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, «Ordamed» АҚ басшылығы заң талаптарын бұзып, мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде шығын келтірген.

Анықталғандай, компания 28 түрлі медициналық жабдықты өз өндірісіміз бар деген жалған ақпаратпен жеткізген.