Қаскелеңде 9 сынып оқушысы қайтыс болды
Алматы облысының Қаскелен қаласында оқушы қайтыс болды
Әлеуметтік желілерде Қаскелең қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке жедел жәрдем шақырылып, оқыс оқиға орын алғаны жөнінде ақпарат тарады. Желі қолданушыларының пікірлерінде оқушының қайтыс болғаны айтылған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұл деректі Қарасай ауданының білім бөлімі растады. Алдын ала мәліметке сәйкес, таңертең бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 9-сыныпта оқитын 15 жастағы оқушының денсаулығы кенеттен нашарлаған. Осыған байланысты мектеп әкімшілігі жедел жәрдем қызметін шақырған.
Алайда дәрігерлер көрсеткен реанимациялық және медициналық көмектерге қарамастан, оқушының өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Бұл жағдай марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ мектеп ұжымына ауыр қайғы әкелді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша уәкілетті органдар тексеру және тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жолданып, оның нәтижесі бойынша қосымша ақпарат берілмек.