Үш облыста жол қозғалысы шектелді
3 облыстағы 21 республикалық маңызы бар автомобиль жолында дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған.
2026 жылғы 22 қаңтар сағат 09:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 21 республикалық маңызы бар автомобиль жолында дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы: - барлық бағытта.
Ақмола облысы:
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автожолының 14-50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы);
- «Көкшетау — Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы);
- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 856-915 шақырым аралығы (Жақсы елді мекені — СҚО шекарасы);
- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 595-552 шақырым аралығы (СҚО шекарасы — Сұрған елді мекені).
Қостанай облысы:
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» автожолының 683-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы);
- «Мамлютка – Қостанай» автожолының 180-250 шақырым аралығы (СҚО шекарасы – Ұзынкөл ауылы).
Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 130 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.