Қазақстанның солтүстік өңірлеріне қайтадан аяз күшейеді
Қысқа мерзімді жылымықтан кейін Қазақстанның солтүстік өңірлеріне қайтадан аяз күшейеді.
"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қысқа мерзімді жылымықтан кейін Қазақстанның солтүстік өңірлеріне қайтадан аяз күшейеді.
"Кейбір аудандарда қар жауғанымен, түнгі уақытта ауа температурасы 30–35 градус аязға дейін төмендейді. Ал республиканың оңтүстігі циклонның ықпалында болады, ол өзімен бірге қар әкеледі, 22–23 қаңтарда қатты қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ құбылыстары күтіледі. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгеріссіз сақталады", - делінген хабарламада.