Мәзір
16 қазан, 2025 / BuginMedia / Спорт

19 жастағы футболшы Диас Төлеу кенеттен қайтыс болды

Бірінші футбол лигасында ойнайтын «Хан Тәңірі» клубының ойыншысы Диас Төлеу матч кезінде есінен танып, ойын алаңында қайтыс болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

19 жастағы футболшы Диас Төлеу кенеттен қайтыс болды 19 жастағы футболшы Диас Төлеу кенеттен қайтыс болды
Фото: instagram/hantanirifk

Ақпаратты Қазақстан футбол федерациясы растады. Федерация құзырлы органдармен бірлесіп, арнайы комиссия құрып, тексеру жүргізбік. Оқиғаның мән-жайын білу үшін Федерация бас хатшысы Давид Лория мен клубтар арасындағы жарыстар дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр Алматы қаласына шұғыл аттанған.

"Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ командасына қайғыра көңіл айтады. Бұл – қазақстандық футбол қауымдастығы үшін ауыр әрі орны толмас қайғы. Алдағы уақытта құзырлы органдармен бірлесе отырып, оқиғаны ресми тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылады. Федерация бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын расталмаған ақпарат пен алып-қашпа әңгімелерді таратпауға, марқұмның отбасы мен оның есіміне құрметпен қарауға шақырады", - делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат тиісті рәсімдер аяқталған соң жарияланады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2