Тұрғын үй кезегіне тұру үшін тәулік бойы қызмет көрсететін жүйе іске қосылды
Ол Оrken.OTBASY сайтында орналасқан. Мұнда өтінім беру деген тетікті бассаңыз әп-сәтте өтініш қағазын толтыратын бетке өтесіз. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қосымша бұрынғыдан да жылдам жұмыс істейді. Тек қолыңызда ЭЦҚ болса жеткілікті.
Айта кетейік, үй кезегіне 18 жастан асқан кез келген қазақстандық тұра алады. Бастысы, соңғы бес жылда атыңызда үй болмауы керек. Егер еліміздің Астана, Алматы, Шымкент сияқты ірі қалаларынан пәтер алғыңыз келсе, онда сол қалада кемі үш жыл тіркеуде болу шарт. Бірақ бұл талаптардың ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға қатысы жоқ. Оларға бөлек жеңілдіктер қарастырылған.