Қазақстанда есірткі сатқаны үшін 13 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік енгізіле ме?
Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Әмірханов биыл есірткі қылмыстары бойынша ұсталған кәмелетке толмағандардың саны артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 61 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда сәл көбірек. Олардың ішінде 40-ы колледж студенттері, 10-ы мектеп оқушылары. Барлығы есірткі жасырумен айналысқан", - деді Әмірханов.
Оның айтуынша, қазіргі заңнамаға сәйкес есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады.
"Есірткі сату үшін де жауапкершілік 16 жастан қарастырылған. Кей адамдар бұл жасты 13-ке дейін түсіруді ұсынады, бірақ ол тек аса ауыр қылмыстарға қатысты. Ал есірткі сату бойынша жауапкершілік жасы өзгермейді", - деп түйіндеді ол.