Мәзір
10 қазан, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Дәрігерге шабуыл жасаған қазақстандық сотталды, бірақ 12 күннен кейін босатылады

Қостанай қаласының №2 соты дәрігерге қол жұмсаған Аблайхан Саринжеповке қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Дәрігерге шабуыл жасаған қазақстандық сотталды, бірақ 12 күннен кейін босатылады Дәрігерге шабуыл жасаған қазақстандық сотталды, бірақ 12 күннен кейін босатылады
Фото: видеодан алынды

Ол Қылмыстық кодекстің 114-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру") бойынша айыпталған. Сот отырысы ашық түрде өтті.

10 қазанда судья Анара Шаймұрынова үкім шығарып, Саринжеповты кінәлі деп таныды.

"Сотталушы Саринжеповты кінәлі деп танылып, оған алты ай мерзімге бостандығынан айыру жазасы берілсін, жазаны ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеу тағайындалсын", – деді судья.

Айыпталушы 2024 жылдың шілде айынан бері қамауда болған. Сонымен қатар сот азаматтық талапты толық қанағаттандырды. Саринжепов моральдық залал үшін 2 миллион теңге, адвокат қызметі үшін 500 мың теңге төлеуге міндеттелді.

17 шілде күні таңертең Аблайхан Саринжепов денсаулығы нашарлағанын айтып, облыстық ауруханаға қайта жүгінген. Тіркеу бөлімінде оған дәрігерді күту керек екені ескертілген. Ол ұзақ күткеніне наразылық білдіріп, бірнеше рет шағым айтқан.

Шамамен сағат 12:30-да уролог Антон Кистанов оны қабылдаған сәтте екеуі сөзге келіп қалған. Қақтығыс кезінде Саринжепов дәрігердің ерні тұсына жұдырықпен соққы жасаған, салдарынан Кистанов құлап, басының артқы бөлігімен қабырғаға соғылған.

Соққыдан құлау салдарынан дәрігер миының шайқалуы мен соғылуы, оң жақтан субдуралды қан құйылу, бас сүйегінің сынуы, ерін мен желке аймағының жарақаты секілді ауыр жарақаттар алған.

Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, өкініетінін айтып, кешірім сұрады, бірақ дәрігер мен басқа қызметкерлердің дөрекілігі оны арандатып, ашуландырғанын мәлімдеді.

Еске салайық, 17 шілдеде Қостанай облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде пациент дәрігерге шабуыл жасаған еді. Дәрігер операциядан кейін келген. Ал науқас кезегін күтуден бас тартып, оған жұдырық жұмсаған. Дәрігер есінен танып, жансақтау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілген. Кейін ол санавиациямен Астанаға тасымалданып, Жедел медициналық көмек орталығында ем қабылдады.

Зардап шеккен дәрігер Антон Кистанов облыстық ауруханада алты жыл жұмыс істеп келеді.

Сотталушы Саринжеповке алты ай мерзімге бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте жазаның мерзімі оған 2025 жылғы 17 шілдеден бастап тергеу изоляторында өткізген уақыты есептеледі. Бұл ретте изолятордағы бір күн колониядағы екі күн уақытқа тең деп саналады. Осылайша, есеп бойынша Саринжеповтың шамамен 12 күні ғана қалған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2