Жаңалықтар

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сарбазы көз жұмды

5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгері қайтыс болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі — менингококцемия.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген ақпаратта..