Шоу-Бизнес

Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді

Танымал актер, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Өнер иесі қуанышты жаңалықты жеке парақшасында жариялады.

“Мен үйлендім. Аллаға шүкір", – деп жазды ол.

Актердің бұрынғы жұбайы, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова екі жасқа бақыт тіледі. 

“Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын", – деп жазды актриса. 

Желі қолданушылары өнер иесінің жеке өмірін қызу талқылап жатыр. 

“Осының үйленуі де, ажырасуы да тез”, “Ақботамен күшті жарасатын еді”, “Бақытты болыңдар”, “Бірінші әйелінен де, екінші әйелінен де балалары бар, әйелге тоймайды екен”, “Мәһрге айфон сұраған шығар”, “Ақботаға ұқсайтын қыз алыпты”  деп жазды көпшілік.