Доллар құны 550 теңгеге дейін көтерілді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,34 теңгеге көтеріліп, 548,79 теңгені құрады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ұлттық банктің 1 долларға ресми бағамы 29 қыркүйекте 544,26 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 546,15 теңгеден сатып алынып, 548,24 теңгеден сатылып жатыр. Астананың айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 544,4 теңгеден сатып алып, 549,4 теңгеден сатып жатыр.