Ғани Бейсембаев қызметінен босатылып, Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды
29 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Ғани Бейсембаевты қызметінен босатып, Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды”, – деп жазды Ақорда.
2022 жылы Оқу-ағарту вице-министрі болған Ғайни Бейсембаевты президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 4 қаңтарда Оқу-ағарту министрі етіп тағайындады.
Оның орнына Тоқаев экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованы тағайындады.
Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған:
Бакалавриат – "Тарих" мамандығы;
Магистратура – "Философия және саясаттану" мамандығы;
Докторантура (2008–2011) – “Философия және саясаттану” мамандығы. Сондай-ақ АҚШ, Оңтүстік Корея, Литва, Финляндия университеттерінде біліктілігін арттырған.
Еңбек жолын әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Ақтөбе институтындағы Алматы экономика және статистика академиясының жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы қызметінен бастаған.
Алматы қаласында Ы.Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназиясында тарих және құқық пәні мұғалімі;
Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары;
Халықаралық Бизнес академиясында студенттермен жұмыс жөніндегі декан;
“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Білім саясаты және бағдарламалары департаментінің аға менеджері;
“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Даму департаментінің директоры (2017–2021 ж. қаңтар) қызметтерін атқарған.
2023 жылдың наурызынан бері AMANAT партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің VIII шақырылым депутаты.