Жаңалықтар

Қар аралас жаңбыр жауып, аяз болады: Қазақстанда күн күрт суытады

«Қазгидромет» РМК 29 қыркүйек-1 қазанда ауа райының күрт суытатынын хабарлап, ескерту жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Елдің солтүстігі мен орталығында жаңбыр қарға ұласады, күндіз +3…+10°C дейін суытады, түнде -6°C дейін үсік күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және жел 15–20 м/с. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста өте жоғары өрт қаупі сақталады. Түнде батыс өңірлерде тұман және -2°C дейін үсік күтіледі", - делінген ақпаратта.

29 қыркүйекте Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, 30 қыркүйекте солтүстігінде, шығысында жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады).   30 қыркүйекте ауа температурасының түнде 1-6 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

30 қыркүйекте түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). 29 қыркүйекте түнде ауа температурасының  0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік, күндіз 5-10 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 30 қыркүйекте түнде 1-6 градус аяз күтіледі.

30 қыркүйекте Абай облысының солтүстігінде жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). 29 қыркүйекте күндіз облыстың батысында, солтүстігінде ауа температурасының 10-15 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 30 қыркүйекте ауа температурасының түнде         0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік, күндіз 10-15, облыстың батысында, солтүстігінде 5 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). 29 қыркүйекте күндіз облыстың батысында, солтүстігінде ауа температурасының 10-15 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 01 қазанда түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендеуі күтіледі.

27-30 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.