Жаңалықтар

Балқашта белгілі ерлі-зайыпты дәрігер қайғылы жағдайда көз жұмды

Балқашта белгілі ерлі-зайыпты дәрігер қайғылы жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды buginmedia.kz Patriotnews-ке сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар өз үйіндегі өрттен қаза тапты.

Наталья Евгеньевна Шерстова мен Юрий Аркадьевич Шерстов зейнетке шыққан. Әйел психиатр болып жұмыс істесе, күйеуі құрметті спорт дәрігері болған.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте болған. Түскі уақытта туыстары өрт сөндіру қызметіне хабарласып, үй ішінде қою түтін басқанын және өрт шыққанын хабарлаған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен. Алайда олар келген сәтте ашық жалын болмаған. Үйдің ішінен ерлі-зайыптының мүрделері табылған.

Өрттің аумағы – 30 шаршы метр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қаза тапқан дәрігерлердің ұлы – Сергей Шерстов Қарағанды қаласындағы №3 көпсалалы аурухананың емдеу ісі жөніндегі директор орынбасары болып қызмет атқарады.