Жаңалықтар

Қазақстанға Украинаның кебін киетінін айтқан Тигран Кеосаян қайтыс болды

Қазақстанда нон грата персонасы статусы берілген, ресейлік режиссер әрі тележүргізуші Тигран Кеосаян қайтыс болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оның қазасын жұбайы Маргарита Симоньян әлеуметтік желіде хабарлады.

"Бүгін түнде Тигран Жаратушыға кетті", – деп жазды ол. 

Тигран Кеосаян – RT телеарнасының, "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның күйеуі.

Кеосаян 59 жаста болды. 2025 жылдың қаңтарында ол клиникалық өлімді басынан өткеріп, комаға түскен. Симоньянның айтуынша, жолдасы сол комадан қайта оянбаған.

Айта кетсек, 2022 жылғы сәуірде Ресей тележүргізушісінің мәлімдемесі әлеуметтік желіде тарады. Онда ол қазақстандықтарға сес көрсеткен болатын. 

“Қазақтар, алғыстарың қайда? Сендер Ресейді дүниежүзінен жоқ болып кетеді деп ойлайсыңдар ма? Украинаға қараңдар да, жақсылап ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар біздің қарым-қатынасымызды қайта қарауы керек. Қателесесіңдер! Сендерде әлі уақыт бар. Соңғы вагонға үлгеріп қалуларың да мүмкін. Қазір үлкен соғыс жүріп жатыр. Осы орайда, бізді кім қолдайтынын дұрыстап бақылау керек. Жетер! Өтірік ойнап болған шығарсыңдар. Билікті құтқарып, былығыңды реттеуге қайтарымсыз көмек сұрауларыңды доғарыңдар! Парад өткізбейміз дегендерің не?", — дейді ол.