Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.