Шоу-Бизнес

«Интим массажға барған»: Тұрсынбек Қабатов желідегі ақпаратқа жауап берді

Threads желісінде шоумен әрі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың ұсталғаны туралы хабар тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Желі қолданушысының жазуынша, Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонының тұрақты тұтынушысы болған.

Интим қызметтер көрсетілетін салондарды анықтау бойынша жүргізілген рейдтер барысында танымал комик Тұрсынбек Қабатов ұсталды. Оперативтік қызметкерлердің мәліметінше, азамат Қабатов «Манхэттен» тұрғын үй кешеніндегі интим массаж салоны клиенттерінің бірі болған. Әзілкеш жасырынуға тырысқан, ал табылғаннан кейін пікір білдіруден бас тартқан, - делінген желідегі жазбада.

Бұған қатысты Тұрсынбек Қабатов өзінің ресми парақшасында жауап берді.

"Құрметті достар! Қазір кейбір сайттарда Тұрсынбек "массажға барды дей ме" сондай бір ақпарат тарап жатыр. Рейд барысындеген өтірік ақпарат. Сондықтан сенбеулеріңізді сұраймын. Бұл өтірік ақпарат. Мен ешқайда барған жоқпын. Ешқай жерде ұсталған жоқпын. Жалған. Бәлкім алдағы концерттерімдегі аяқтан шалу шығар деп тұрмын. Мен Алматы қаласындамын. Он бес күн болды. Мен ешқандай "Манхэттан" деген жерді білмеймін. Ешқандай дәлелдері жоқ. Өтірік ақпарат таратып жатыр. Алматы қаласына күніне орай іс-шарада жүрмін. Кім жазды сонымен ары қарай өзім сөйлесемін", - дейді ол.