Әлеумет

Маңғыстау облысында мұнай саласында миллиондап қаржы жымқырған: West Oil Software-тегі басшылық қызметтегі 3 адам ұсталды

Өткен жылы Маңғыстау облысының прокуратурасымен мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізілді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тексеру нәтижелері бойынша «West Oil Software» ЖШС қызметінде материалдық қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Тергеу аясында кәсіпорында негізгі басшылық қызметтерді атқарған 3 адам ұсталды.

Сотпен барлық тұлғалар кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлері тағайындалды.

Атап айтқанда, кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қаралу барысында сотталғандар 261 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.