Қазақстанда 7%-дан басталатын жаңа ипотека іске қосылды
ForteBank бастапқы немесе екінші нарықтан баспана сатып алуға арналған жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосты. Бұл туралы Telegram-дағы «Казахстан подешевле» арнасы хабарлап, ақпаратты банк растады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
kursiv.media жазуынша, ипотека бойынша бастапқы жарна тұрғын үй құнының кемінде 30%-ын құрауы тиіс. Қарыз сомасы — 100 млн теңгеге дейін, ең ұзақ мерзімі — 15 жыл. Жаңа тұрғын үй пайдалануға берілген болуы қажет.
Несие бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) бастапқы жарна көлеміне байланысты:
50% жарна енгізгенде — 7,48%;
40% жарна енгізгенде — 10,79%;
30% жарна енгізгенде — 13,05%.
Ипотеканы рәсімдеу тек банк бөлімшесінде жүргізіледі және бұл үшін комиссия алынбайды. Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсат етілмейді. Сыйақы мөлшерлемесі қарыздың толық сомасына есептеледі.