Жаңалықтар

"Анасын қатты жақсы көреді": Әшімбаев Назаровтың әрекетіне пікір білдірді

Журналистер Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтан анасын жалпы отырыс барысында құттықтаған Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың іс-әрекеті қаншалықты орынды деп сұрады, деп хабарлады buginmedia.kz.

Спикер Мәжіліс дептаттарының айтқандарына түсінік беру оның тарапынан «дұрыс емес» болады деп мәлімдеді. 

Журналист Сенатта бұлай болуы мүмкін бе деп сұрады.

«Егер сенаторлардың бірі анасын қатты жақсы көрсе, мүмкін, бірақ әзірге ондай жағдай болған жоқ», - деп жауап берді Әшімбаев.

Айта кетейік, бұған дейін кеше Ардақ Назаров мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтаған болатын.