Әлеумет

Еңбек министрі көпбалалы емес отбасыларға да көмек берілетінін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова кейбір көпбалалы отбасыларға қолдау тоқтатылады деген сөзіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады buginmedia.kz.

"Алдымен бұл дүниені іске асыру үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу керек. 1 қарашаға дейін Әлеуметтік кодекске өзгерістерді мемлекеттік органдарға енгізу керек. Қазір бұл жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірқатар министрлік бізге қолдау көрсетіп отыр. Жылдың соңына дейін өзгерістерді заңның шеңберінде шешуіміз керек", – деді Жақыпова брифингте.

Журналист осы өзгерістер қабылданған соң жағдайы бар отбасылар мемлекеттен қандай көмекті ала алмайтынын айта аласыз ба деп сұрады.

"Концепцияны бұған дейін де айттық. Санатына ғана қарап емес, көмекті отбасылар мұқтаждық бойынша алу керек. Мысалы, адам төрт ай бойы ауырса, отбасында кіріс болмаса, оның үш баласы болса, мемлекеттен көмек ала алмайды. Бірақ ол мұқтаж. Сондықтан, біз көпбалалы емес болғанына қарамай, мұқтаж отбасыларға жәрдемақы беруді қарастырып жатырмыз.Тек көпбалалы отбасылар емес, басқа санаттағыларға да көмек пен қолдау керек", – деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін кейбір көпбалалы отбасыларға мемлекеттен жәрдемақы беру тоқтатылатыны туралы жазған едік.