Әлеумет

Бас прокуратура әлеуметтік желілерде ұтыстарға қатысатын қазақстандықтарға ескерту жасады

Бас прокуратура әлеуметтік желілерде ұтыстарға қатысатын қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлады buginmedia.kz.

 

Прокуратураның мәліметінше, БАҚ пен әлеуметтік желілерде ұтыстар туралы жарнама кеңінен жарияланып, оған көптеген азамат қатысып жатыр. 

"Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы", "Жарнама туралы" "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын қатаң сақтау қажет. Лотерея ұтысын лотерея операторлары ғана өткізе алады. Лотереяны өткізу шарттарын туризм және спорт министрлігімен келісуге міндетті. Ресми оператор болып табылмайтын және уәкілетті органнан рұқсат алмаған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың лотереялар өткізуіне қатаң тыйым салынады”,  – делінген хабарламада. 

Прокуратура лотереялар және лотерея қызметі туралы заңды бұзғандарға 500-ден 2000 АЕК-ке (7 864 000 теңге) дейін айыппұл салынатынын мәлімдеді. 

Ал лотерея қызметін алаяқтық мақсатта пайдаланғандарға 10 жылға бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.