Жаңалықтар

Алматыда бейтаныс жігіт көшеде қыздың зәресін алды: оны полиция іздеп жатыр

Алматыдағы жер үйлердің арасында өз үйіне қарай келіп, қашасына кіре берген бойжеткенді бейтаныс жігіт жамбасынан ұстап, қашып кеткен,деп хабарлады buginmedia.kz

Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге таралған соң полиция оған реакция танытты. Дегенмен, видеодағы қыз бейтаныс адамды табу үшін полицияға арызданған екен. Әрі осы видеодағы жігітті танитындар бар болса, оның байланысын полицияға беруді сұрап отыр.

«Видеодағы ер адам мен оқиғаның мән-жайын анықтаймыз. Артынша, заңға сай шара қолданамыз», - деп хабарлады Алматының полиция департаменті.