Аймақ

Үсік жүріп, бұршақ жауады: 9-11 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 9-11 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады buginmedia.kz

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райын батыс циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттар басады. Кейбір өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі деген болжам бар.

Республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта тұман түседі. Осы аралықта солтүстік өңірлерде ауа температурасы минус 2-ге дейін суытып, үстік жүреді деген болжам бар.