Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады
Президент биылғы жолдауында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды тапсырды, деп хабарлады buginmedia.kz.
"Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы қажет. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.
Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде танытамыз десек жұмысты жаңа тәсілмен жүргізу керек.
Айта кетелік Бұл - Президенттің 8-ші Жолдауы. Мемлекет басшысы Жолдауларын жыл сайын қыркүйек айында, Парламенттің жаңа сессиясының ашылу рәсімінде жасап келді.