Түркістан облысында асаба әкесін сабаған: оқиға куәгері жантүршігерлік жайтты баяндады
Журналист Руслан Өтепбай Түркістан облысында ер адамның әкесін сабағанын өз көзімен көрген тұрғынның сұхбатын жариялады, ақсақалдфың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлады buginmedia.kz.
Журналистің айтуынша, Алмас Садақбаевтың әлеуметтік желідегі жазбаларынан оның үздік асаба, мәдениет үйінің қызметкері екенін аңғаруға болады. Тіпті ауыл шенділерімен бірге қарияларды құрметтеу акциясына қатысқан.
Алайда мұның барлығы мәдениетшіл адамның тек сыртқы көрінісі екен. Әкесін ұрып-соққан азаматтың шын бейнесін оқиғаны өз көзімен көрген куәгер баяндап берді.
«Менің көргенім, бер жағы екен. Не түнде ұйқы жоқ, не күндіз ұйқы бермейді екен. Дәрет сындырып қоясың деп, құдайдың құтты күні ұрады екен. Сіңліме айтып жүріп, видеоға түсірткіздім», - дейді куәгер.
Руслан Өтепбай ұлынан таяқ әкенің қайтыс болғанын айтты.