Тіркеуі жоқ қазақстандықтарға зейнетақы мен жәрдемақы төленбеуі мүмкін
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ондаған мың қазақстандыққа әсер етуі ықтимал түзетулер әзірледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Жобаға сәйкес, елде тұрақты тіркеуі жоқ, сондай-ақ шетелден ықтиярхат алған азаматтарға төлемдер тағайындалмайды.
Қазір 100 мыңнан астам адам тіркеусіз-ақ зейнетақы мен жәрдемақы алып отыр. Бұдан бөлек, мемлекет толық қамтамасыз ететіндерге – әлеуметтік мекемелер мен колониялардағыларға төленетін қаржыны қысқарту ұсынылып отыр.