«Қазір іс қоғалды. Кінәлі адам қамауда. Ол туралы әртүрлі деректер айтылып жатыр.Жүргізуші куәлігін 2006 жылы алғаны белгілі болды. Қылмыстық іс шеңберінде кім бергенін анықтаймыз. Жүргізуші куәлігінің мерзімі болады. Қайта алу кезінде мециналық картасы, тағы басқа мәліметтері тексеріледі. Соның бәрін тексеретін боламыз. Айыпталушы жазадан құтылмайды», - деді министр.
Еске салайық, бұған дейін 19 тамызда Абай облысы, Бестерек ауылында 55 жастағы жүргізуші Toyota көлігімен бір топ баланы қағып кетті. Жол апаты салдарынан үш бала қаза тауып, тағы үшеуі ауыр жарақат алды. Жүргізуші ұсталды, ол мас болмаған. Қайтыс болған балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруда материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі. Президенттің тапсырмасымен Үржар ауданына дәрігерлер мінген әскери ұшақ жіберілді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, жағдай облыс әкімдігінің ерекше бақылауында.