Назым Қызайбай бокстан әйелдер құрамасының капитаны болып сайланды
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиынында жаңа капитаны болып Назым Қызайбай сайланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.
"Спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды", - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындалуда. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.